Биыл жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыс саны артты
Жыл басынан бері орта арнаулы оқу орындарының 63 оқушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ең сорақысы, бір колледж оқушысы 5-тен 16-ға дейін қылмыс жасаған. Бұл мәліметтер бүгін өткен қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының көшпелі отырысында айтылды. Оған қатысқан қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева жыл аяқталмай жатып жасөспірімдердің қылмысы екі есеге көбейді деп мәлімдеді. Комиссия отырысына қаладағы барлық орта оқу орындарының басшылары жиналыпты. Биыл жастардың қылмысы жөнінен көш бастап тұрғандардың қатарына іліккен Сақтаған Бәйішев атындағы колледждің директоры барлық қылмыстар сабақтан тыс уақытта жасалатындықтан, бұл арада ата-аналар тарапынан кінә бар. Ең бастысы - нашар бақылау деп ағынан жарылды. Комиссия мүшелері кейбір колледждерде оқушылар сабаққа мүлдем қатыспайды, психолог жұмысы қажетті деңгейде атқарылмайды, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары әлсіреген деген қорытынды жасады. Отырыстың нәтижесі бойынша комиссия облыстық білім басқармасына, колледжердің директорларына, қалалық ІІБ-на ата-аналармен құқықтық түсіндірме жұмыстарын күшейту қажеттілігі жөнінде ұсыныс білдірді. |
Количество показов: 2435
Дата создания: 23.11.2012 18:58:44