Биыл көмір көпке жете ме?
Қыстың ауылы да алыс емес. Қақаған суықта үйіңіздің жылы болғаны кез-келген отбасы үшін қуаныш. Ақтөбеде азынаған аязбен алысып, көмір тасып, от жағудың тауқыметін көріп отырған отбасылар аз емес. Облыс тұрғындары алты ай қыс жағатын отынын түгендеуге кірісті.Алаңдаушылық та бар. Көмір тапшылығы болмайды ма, отын уақытылы жеткізіледі ме деген сұрақ мазалайды. Жауапты мекемелер көмір тапшылығы болмайды деп сендіруде. Қаламызда 2 көмір сату нүктесі бар. Бірі 41 разъезд маңында орналасқан. Мұнда аптасына 10 вагонға жуық көмір Қарағанды облысы, Шұбаркөл көмір кенішінен жеткізілуде. Әр вагонда 69 тонна көмір бар. Әзір отынның бұл түрін аламын деушілер қарасы көбеймеген. Дүрбелең маусымы қарашада басталуы тиіс,деп дайындалып отыр нүкте иесі. Тұтынушылардың дені ауыл аймақ тұрғыны. Өйткені, өңірде газсыз отырған ауылдар жетерлік. Ақтөбеде де көмір жағып отырған отбасылар көп,- дейді серіктестік өкілі.Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орны бар деп есептеледі. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. тонна шамасында бағаланады, оның ішінде тас көмір 17,6 млрд. тонна, қоңыр көмір 92,8 млрд. Көгілдір газ әр үйге жетіп жатқан заманда, әлі де көмірмен отырғандар жеткілік. Оған себеп те сол, қаражаттың жетіспегендігінен, газ құбырын өткізу қымбатқа соғады, сондықтан көпшілік тұрғын көмір жағудан басқа амал жоқ, дейді.Әлемдегі қоры мол саналатын пайдалы қазбалардың бірі - көмір. Қазақстанда да молынан кездеседі. Ресми мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі көмір қоры - 25, 605 млрд. тонна. Еліміз бұл көрсеткіште ондықты аяқтап тұр. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан. Ірі кен орындары – Шұбаркөл көмір кешені болып табылады. Мұнда көмір қоры 2,2 млрд. тоннаны құрайды.Количество показов: 197
Дата создания: 17.10.2024 06:21:44