Белгілі прокурорға ескерткіш мүсін қойды
Жақсының аты өлмейді. Бүгін ақтөбелік прокурорлар І сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі , Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері Өтеген Сейітовті еске алды. 18 жыл бойы Қазақ КСР-інің бас прокуроры қызметін атқарған азаматтың құрметіне облыстық прокуратура ғимаратының алдына ескерткіш-мүсіні орнатылды. Ол- Қазақ КСР-нің прокуратурасын 18 жыл бойы басқарған, оның қалыптасуына үлес қосқан азаматтардың бірі. Шалқар өңірінің тумасы. Өтеген Сейітовке ескерткіш-мүсін орнату- Бас прокурордың жеке тапсырмасы екен. Жиын кезінде замандастары, көзін көргендер Өтеген Сейітов туралы естеліктер айтты. ҰОС-на қатысып, елге оралған соң қарапайым қатардағы пркуратура хатшысы бола жүріп, табандылығы мен қажырлылығының арқасында тергеуші, кейін ең жоғары лауазым- Қазақ КСР-інің прокуроры болған. Заң органдары үшін орны бөлек тұлға прокурорлардың бірнеше буынын тәрбиелеген. Ескерткіш-мүсіннің ашылу салтанатынан соң, қонақтар облыстық прокуратурадағы мұражайды аралап көрді. Мұнда Өтеген Сейітовтің мемлекеттік марапаттары мен жұмыс барысында қолданған дүниелері, жәдігерлері сақталған. Марқұмның ұлы Әбілғазы Сейітов әкесінің туған жерінде мұражайдың барына мақтанатынын айтты. Кәсіби мерекеде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов 10 прокурорға пәтер сертификаттарын тапсырды. Қызметке жаңа қабылданғандар ант қабылдады. |
Количество показов: 2661
Дата создания: 06.12.2012 20:08:15