Бауырластар зиратындағы қиратылған ескерткіш тақта қайта қалыпқа келтірілді
Бауырластар зиратындағы ескерткіш тақтаның бүлінуіне жел немесе дауылдың еш қатысы жоқ. Өлілердің жер бетіндегі белгісін қиратқан қасиеттен жұрдай бұзақылар. Іспен айналысып жатқан полицияның берер қортындысын күтпей-ақ ескерткіш тақтаны жасап шығарған мердігер құрылыс компаниясының басшылығы осындай тұжырым жасап отыр. Сындырылған 3 тақтайшаны "Гранит" кооперативі жұмысшылары екі апта дегенде қайта қалыпқа келтірді. Украиналық гранит тастарға 45 жауынгердің есімі қайта қашалып жазылған. Тақтайшалар өз орнына бекітілді. 20 тақтайшаның әрқайсысы төрт бұрышынан бекем бекітілген. Мердігер фирма төрағасы Әли Могамедов осылай деп сендірді. Желден ұшып түсуі тіптен мүмкін емес. Не де болса, бұзақылардың ісі дейді ол. Ал "Бауырластар зиратын" қайта қалыпқа келтіруге жергілікті бюджеттің қаражаты жұмсалды. Шын мәнінде оқиғаның қайта қайталанбасына ешкім кепілдік бере алмайды. Бар үміт тәртіп сақшыларында. Бауырластар зиратындағы гранит тақта 2010-шы жылы ҰОС 65 жылдығына орай орнатылды. Мұнда соғыс уақытында Ақтөбе госпиталында қайтыс болған 80 жауынгердің сүйегі жатыр. Ал тақтада соғыста қаза тапқан 300 жауынгердің есімі қашалып жазылған. |
Количество показов: 2757
Дата создания: 30.10.2012 20:04:28