Баспана нарығындағы баға тұрақты
Баспана нарығындағы баға былтырғыдан бері бір қалыпта. Төмендеген де, көтерілген де жоқ. Есесіне, пәтер жалдау құны маусымға байланысты 5 пайызға қымбаттаған. Пәтер жалдау бағасының өсуіне әлбетте, студенттердің білім іздеп қалаға ағылуы себеп. Жұмыс бабымен өзге аймақтан қоныс аударғандар да уақытша баспанаға тұрақтап жатыр. Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік мамандарының айтуынша, бір бөлмелі пәтерді жалға алу айына 40 мың теңгеден кем түспейді қазір. Дегенмен, қаланың шеткі аудандарынан 30-35 мың теңгеге шағын бөлме табуға мүмкіндік бар. Сатып аламын десеңіз, бір бөлмелі пәтердің өзі - 30 мың тұрады. Бірақ, теңге емес долларға шаққанда. Бір бөлмелі ескі үлгідегі пәтерлер бүгінде 27-30 мың доллар, жақсартылған пәтерлер 30-37 мың доллар көлемінде сатылуда. Ал, халық арасында басым сұранысқа ие екі бөлмелі баспананың құны - 40-50 мың доллардан жоғары. Пәтерді орталықтан іздеушілер көп. Дегенмен, пәтерлерге сұраныс жоқ емес. Жылжымайтын мүлік агенттігі мамандары күніне 20 шақты адамға қызмет көрсетеді. Ақтөбеліктер ипотека арқылы болса да, "өз үйі- өлең төсегіне" қол жеткізіп жатыр. |
Количество показов: 3076
Дата создания: 26.11.2012 18:57:39