Балалаларын бейтаныс еркектердің арасына тастап кеткен көкек ана іздестірілуде
Туған балаларын бес күн бойы қараусыз қалдырған ана іздестірліп жатыр. Ішкілікке салынған жас келіншектің мектеп жасындағы екі баласы 15 күн бойы сабаққа бармаған. Жиырма бес жастағы жас келіншектің ұлы мен қызы- №2 мектепте оқиды. Балалардың соңғы уақытта сабаққа келмей жүргенін мектеп басшылығы хабарлаған. Бәріне кінәлі- аналары болып шықты. Ащы суға жақын келіншек, балаларын енесінен алып кетіп, достарының үйін паналаған. Мектеп жасындағы балалары 5 күні бойы Жүргенов көшесіндегі берекесі қашқан осы үйде тұрыпты. Қалалық ІІБ-ның кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі инспекторы Кенжегүл Мұсабаеваның айтуынша, балалардың жағдайы болмаған. Алып кетуге келген сәтте 1-сыныпта оқитын қыз баланың кір жуып отырған үстінен түскен. Балалардың жанында бейтаныс 4 ер азаматтан басқа, ешкім болмаған. Қазір туған аналары іздестірілуде. Ол еш жерде жұмыс жасамайды, күйеуінен ажырасқан. Балалары туған әкесіне де қажет емес болып шықты. Балалар қазір кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды. Инспекторлардың айтуынша, жағдайлары-жақсы. Барақта болған бес күн ішінде ешкімнің қоқан-лоққы көрсетпегенін айтқан балалар. Олармен қазір әлеуметтік психологтар жұмыс істеп жатыр. Ал баласынан безінген келіншектің үстінен іс қозғалып, оны аналық құқығынан айыру мәселесі шешілмек. Жыл басынан бері қалалық ІІШ 12 ананы құқығынан айырған. |
Количество показов: 2476
Дата создания: 06.11.2012 19:30:07