Балабақшаға арналған орын үшін дау басталды
Ағайынды Жұбановтар көшесі бойында орналасқан №288 үй тұрғындарының тынышы қашты. Аталмыш үйдің ауласындағы балалардың ойын алаңы бірнеше жылдан бері көлік алаңына айналған. Күні бойы көлік кептелісінен көз ашпайтын үй тұрғындарының базынасын айтып бармаған жерлері қалмаған. Несібелі Иманғазинаның осы үйді мекендегеніне 30 жылдан асыпты. Алайда осы уақыт ішінде ойын алаңының осылайша көлік алаңына айналуын бірінші рет көруім дейді. Айтса айтқандай мұндағы көліктің көптігінен көз сүрінеді. Аталмыш үйге қарама қарсы облыстық ішкі істер департаменті орналасқан. Қол жетім жерде көлік тұрағы болғанына қарамастан, мұнда келушілер темір тұлпарын осы үйдің ауласына тастап кете баратын көрінеді. Осыдан біршама уақыт бұрын билік өкілдері осы үйдің жанынан балабақша бой көтереді деп уәде берген. Алайда бөлінген жер телімінде балабақша емес, басқа нысан салынуда. Көліктің көптігінен көресіні көрген тұрғындар базынасын айтып барлық жерге барған. Балаларының ойын алаңының жанынан ойып тұрып орын алған құрылыс нысанының заңсыздығын айтып прокуратураға да шағымданыпты. |
Количество показов: 2541
Дата создания: 05.11.2012 19:02:22