Бүтін бір үй мен "Ақжар-2" ауылында ауыз су жоқ
Есет Батыр көшесінің бойындағы 73 үйдің ауыз судан ажыратылғанына 10 күннен асқан. Тұрғындардың базынасын айтып бармаған жерлері қалмапты. Қаламыздағы басты суға жауапты мекеме «Ақбұлақ» АҚ-на да хабарласқан. Алайда коммуналдық мекемеден көңілге қонарлық әрекет әзірге болмай тұр. Бір жұтым суға зәру болып отырған Митьколар отбасында «кір жуу, моншаға түсу» деген ұғым ұмытылған ұзақтан бері. Себебі бұл отбасы тұратын Есет батыр көшесіндегі 73 үйдің тіршілік нәрінен қол үзгеніне 10 күннен асыпты. Осылайша айдың күннің аманында Ақтөбенің қақ ортасында ауыз судан ажырап отырған жағдайлары бар. Енді міне бұраннан бұрап ішіп келген суларын сырттан тасып немесе сатып ішуге мәжбүр болып отыр. Мәселенің мән-жайын сұрап, біз "Ақбұлақ" АҚ-на барған болатынбыз. Ақтөбенің ауыз суына жауапты коммуналдық мекеме басшылары бұл жағдайдан барынша хабардар болып шықты. "Ақбұлақ" АҚ-ның бас инженері Нұрлан Елтаев аталмыш үйдің жылдар бойы жөні түзу жөндеу көрмеген су жүйесінің жақын уақыттары жаңартылатынын алға тартты. Ауыз су қала іргесінде отырған Ақжар-2 ауылында да жоқ. Аталмыш елді мекенде осыдан 2 күн бұрын апатты жағдай орын алып, су құбыры істен шыққан. Бұл ауылдағы жылдар бойы жүргізіліп, биыл ғана құрылысы аяқталған су жүйесі жуырда ғана іске қосылған болатын. |
Количество показов: 2158
Дата создания: 29.11.2012 18:35:05