"Бір ауыл-бір өнім" жобасының жеңімпаздары анықталды
Облыстық кәсіпкерлер палатасы "Бір ауыл-бір өнім" жобасының финалистерін салтанатты түрде марапаттады.Шара барасында көрме ұйымдастырылып, аталмыш жобаны қолдауға дайын кәсіпкерлер және мемлекеттік органдармен меморандумға қол қойылды. Айта кетсек, биыл бірінші кезеңде көрмеге 28 кәсіпкер өз жобасын ұсынған. Конкурс комиссиясы жартылай финалға 10 қатысушын таңдалып, бренд комитетінің шешімімен финалға 3 кәсіпкер өтті. Кәсіпкерлерге мемелекеттен қолдау бар, олардың 5 млн-ға дейін мемлекеттік бағдарлама аясында грант алуға мүмкіндіктері бар. Бүгінгі салтанатты жиында облысымыздың әр ауданынан жиналған кәсіпкерлер өз өнімдерін сөреге қойды.Солардың бірі Мәртөк ауылынан келген Баян Ғаппасқызы. Қызының атынан жеке кәсіп ашып, бұқтырылған ет өнімдерін жасау арқылы отбасылық бизнесті дамытып отыр. Бұл кәсіппен айналысу үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша 4млн-ға жуық несие алған, 1 жылдан астам уақыт бойы осы кәсібімді дөңгелетіп отырмын, дейді жеке кәсіпкер.Баян Ғаппасқызы мемлекеттік бағдарлама аясында алған несиесіне кәсібін дамыту үшін Ресей мемлекетінен құрылғылар алдыртыпты. Қазіргі таңда сиыр, тауық және үйрек еттерін арнайы құрылғыларымен бұқтырып кәсібін дөңгелетіп отыр. Тұтынушыларымда аз емес дейді.Сонымен қатар бүгінгі салтанатты жиында жеңімпаздарға сертификаттар мен мүсіншелер табыс етілді. Бірнеше серіктестік "Бір ауыл-бір өнім" жобасының қатысушыларының өнімдерін өткізуге қолдау көрсету туралы меморандумға қол қойды.Количество показов: 193
Дата создания: 24.10.2024 06:58:55