Білікті басшы 76 жаста
Ақырын жүріп, анық басқан. Ұлы хакім Абайдың бұл сөздері Наталья Бандровскаяның болмысын көрсетеді. Ақылы мен парасаттылығы қатар жүретін тұлға бүгінде 76 жасты еңсерді.Әйтсе де, шаршадым деуге жоқ. Үнемі қозғалыста. Үнемі ізденіс үстінде. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған тұлға бүгінде еліміздегі мықты деген телеарналардың бірін басқарады. Өзі орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. Ал БАҚ саласы өмірімнің мәні, деп бөліседі туған күн иесі. Осы салаға әкелген де сөз өнеріне деген махаббаты болса керек.Қазір жетпістің алтауына келген Наталья Банровская өзін кәрі санамайды. Жаратқанның бергеніне шүкіршілік етіп, денсаулығым болса сүйікті кәсібімді жалғастырамын дейді. "Сүйікті ісіммен айналысамын, жанымдағы адамдар керемет. Біздің ұжымда ең керемет жандар жұмыс жасайды. Бәріміз бір-бірімізді сыйлап, бағалаймыз". Қандай жағдай болмасын бірге келе жатқан өзімнің ұжымыма алғыс айтамын, деп бөліседі ол.Наталья Бандросвкая өзін бақытты адамдар қатарынанмын деп санайды. Тек ұлының қазасы қабырғасын қайыстырғаны болмаса. Өз еліне, туған жеріне пайдам тисе деген мүддесі де орындалды. Алға қойған мақсат, жоспарлары да аз емес. Жұмыста іскер әйел, өмірде ана мен әже. Отбасы, бала-шағасының амандығын тілейтінін айтады. Солардың жақсылығының куәсі болу-арманы.Наталья Бандровскаяның телеарна тізгінін қолына алғанына 22 жыл болыпты. Білгір мамандар мен мықты журналистер құрамы салған сара жол бүгінде нығайып, қаладағы нөмірі бірінші телеарнаға айналды.
Количество показов: 155
Дата создания: 02.11.2024 08:10:30