Бүгін халықаралық волонтерлар күні
Бүгін халықаралық волонтерлар күні. Айтулы датаға орай қаладағы еріктілердің "Д. А. Р." ұйымы салтанатты шара өткізді. Студенттерден құралған "Мейірім" еріктілер клубы Марат Оспанов атындағы медицина университетінің жанына ашылған. Жұмысын былтыр қараша айында бастаған ұйымның құрамында қазір 246 болашақ дәрігер бар. Олар сал ауруына шалдыққан азаматтарға көмектеседі. Жарымжан жандарды қиыншылыққа толы тағдырына мойынұсынбауға шақырып, қолдау көрсетіп, жүрегіне жылу, көңіліне қуаныш пен үміт сыйлар іс жасайды. Ақтөбеде 2007 жылы 5-ші желтоқсанда "Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау" қоғамдық бірлестігінің жанынан "Достық Адалдық Рақымшылық" ұранымен жүзден астам еріктілерді біріктірген "ДАР" клубы құрылған. Содан бері жастар өзгенің игілігі үшін ақысыз түрде көмек жасауда. Соңғы бес жылда "Дар" еріктілерінің қолымен мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасыларын қолдауға бағытталған "Алтын жүрек" фестивалі, "Көктемгі шуақ балы", мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтауға арналған "Қала мен бала" байқауы, "Гүлдер мен балалар" акциясы, мүгедек спортшыларды қалдау мақсатында спорттық іс-шаралар өткізілген. Қаладағы жалғыз ғана ірі клубқа ағылшындық ерікті жастар қолдау көрсетіп отырады. |
Количество показов: 3629
Дата создания: 05.12.2012 19:29:04