Ауыз суы сапасыз 83 жолаушылар вагонының жұмысы уақытша тоқтатылады
"Ақтөбе-Алматы", "Ақтөбе-Орал", "Ақтөбе-Атырау" бағытындағы жолаушылар пойыздарындағы 83 вагонның жұмысы уақытша тоқтатылады. Сот шешімі күшіне енгенге дейін бұл вагондар әлі жолдан шығарылған жоқ. Ал талап арызды ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы түсірді. Өйткені пойыздарға жоспарлы тексеру жүргізген мамандар вагондардағы ауыз судың таза еместігін анықтаған. Ақтөбе мен Алматы, Орал, Атырау қалалары арасына қатынап жүрген жолаушылар жедел ішек инфекциясына шалдығуы мүмкін еді. Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басармасы дер кезінде әрекет етті. Маусым айынан бері пойыздарды тексерумен айналысып жатқан мамандар вагондардағы су сынамаларынан бактериялар тапқан. "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ының аппеляциялық, кассациялық арызын сот қанағаттандырмай, шешімді өзгеріссіз қалдырды. Жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуші мекеме вагондардағы су жүйесін тазартып, заңсыздықты жоюға міндеттелді. Шешім күшіне енгенге дейін вагондар әлі жолдан алынған жоқ. |
Количество показов: 2257
Дата создания: 09.11.2012 18:19:37