Ауылдардағы тұрмыс-тіршілікті жақсарту міндет
"Ауыл – Ел бесігі" жобасы 2019 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Жобаның мақсаты-ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу болып табылады."Ауыл-ел бесігі" жобасын іске асыру барысы бойынша 2023 жылы облысымызда 9,8 млрд теңгеге, 45 жоба жүзеге асырылған. Бұл қаражатқа әлеуметтік нысандар салынып, жолдар жөнделген.Биыл жобаға 6,6 млрд теңге бөлінді. Республикалық бюджеттен 2,7 млрд және жергілікті бюджеттен 3,9 млрд теңге бөлінді. Осы қаражатқа 32 ауылда, 46 жоба іске асырылады деп жоспарланып отыр.
Количество показов: 347
Дата создания: 06.03.2024 00:31:50