Ауыл әкімдері нотариус та бола алады
Ауылдық округ әкімдері нотариаттық қызметтерді атқара ала ма? Әкім-қаралар бүгін облыстық әділет департаментінде осыған қатысты білімдерін тексерді. Аттестациядан сүрінбей өткендерге өз ауылдарында нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығы беріледі. Ауыл-аймақ әкімдері нотариаттық қызметтердің бәрін бірдей атқара алмайды. Олар тек сенімхат, өсиет, құжатқа қойылған қолды және құжат көшірмесін ғана растауға құқылы. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын беретін аттестация ауыл әкімдері үшін екі жылда бір рет өткізіледі. Бүгін-ертең бұл сынақты 38 селолық әкім тапсырады. Олар үш сұрақ жазылған қырық билеттің арасынан бірін таңдап, білімдерін дәлелдеуі тиіс. Аттестациядан сүрінген әкімдер келесі сынаққа дейін ауылдарында нотариус болу құқығынан айырылады. Ендігі аттестация 2013 жылдың көктеміне белгіленіп отыр. |
Количество показов: 2498
Дата создания: 22.11.2012 18:57:50