Атты - кинологиялық орталық 15 бас жылқымен толықты
Саяжайлар тоналып жатыр. Бағбандар ұрылардан түбегейлі сақтанудың амалын таба алмай әлек. Бұл атты полицияның қырағылығына сын. Алайда бұл олқылықтың орны толтырылатын болды. Енді саяжайлар мен жағажайларды шолғындап жүрген атты сақшыларды жиі кездестіруге болады. Атты-кинологиялық орталыққа қосымша 15 бас жылқы алынды. Жүйріктерді ақтөбелік кәсіпкерлер тарту етті. Сонымен қатар аттарды алыс жерлерге жеткізетін трейлер техникасы берілді. Бүгін шаһар басшысы Ерхан Омаров атты жасақтардың жай - күйін бақылап қайтты. "Көркейе бер, туған жер!" акциясы аясында сатып алынған он бес жылқының бірқатары сапта. Бапкерлердің айтуынша, жаттыққан аттарды мөлшерден тыс жемдеп, суаруға болмайды. Артық салмақ аттың шапшаңдығын азайтып, шаршап қалуына әкеп соғады. Облыстық ІІД атты - кинологиялық орталығы 14 жылдан бері қызметтегі жүйріктерді ауыстырмапты. Енді қосымша күшке қол жеткізген тәртіп сақшылары бау - бақша ұжымдары мен жағажайларды толықтай қамтуға тырыспақ. |
Количество показов: 2159
Дата создания: 31.10.2012 19:06:28