Қасиетті Рамазан келе жатыр
Айлардың сұлтаны Рамазан айының басталуына санаулы күндер қалды. Мұсылман қауымы бұл айды асыға күтетіні сөзсіз. Жан мен тән тазаратын айға облыстық "Нұрғасыр" мешітінің имамдары мен жамағаты да дайындалып жатыр. Бүгін мешітке 12 ауданнан және қаламыздың 11 мешітінен 23 имам жиналып, алдағы жұмыстарын талқылады. Бас имамның айтуынша, пітір садақаны мүмкіндігі бар адам ғана берсе болады. Бала-шағаңа нанын тауып беріп, тәттісімен қуантсаң, соның өзі сауап. Жағдайыңыз болса садақа берген- сауап. Ал өзіңіз қиналып жүрсеңіз, пітірді міндетті түрде беру деген шарт жоқ, дейді имам.Мектеп жасындағы балалардың да кеш бата мешітке келіп намаз оқуы да міндетті емес. Кейбір ата-аналар балаларын ертіп әкеледі. Баланың таңертең оқуы бар, басқа да баратын жерлері болады. Бала одан да үйде демалсын, білімін шыңдасын, дейді имамдар. Дегенмен келушілерге мешіт есігі әрдайым ашық,- дейді имам.Биыл қасиетті Рамазан айы 11-наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн - қасиетті Қадір түні. 10 сәуір - Ораза айт мерекесі тойланады. Пітір садақаның құны 2 кг ұнның бағасындай, яғни адам басына 640 теңге болып бекітілді.Количество показов: 392
Дата создания: 06.03.2024 00:33:59