Қарашаның үшінші жексенбісі жол апаты құрбандарын еске алу күні
Жол апатына ұшыраған мына көліктің сау жері жоқ. олицейлердің айтуынша, бұл жеңіл машина Самара-Шымкент тас жолымен келе жатып, жүк көлігін басып озып өтпек болған. Соңы осы. Көлікте болғандар түгелдей көз жұмды.Бүгінгі акцияның мақсаты да осы. Тұрғындар көрсін, білсін, деген ниетпен полиция қызметкерлері бұл машинаны орталық саябақ алаңына шығарды. Бұл жақсылық емес, әрине. Ішкі істер министрлігі халықты жол ережесін қатаң сақтауға шақырып, жыл сайын жүздеген шара өткізеді. Бірақ, әзір нәтиже жоқ. Ақтөбелік шумахерлер қояр емес. Жүйіткіп ұшып жүріп, діттеген жеріне әп-сәтте жетуді көздегендер жауапкершілікті ойламайды. Тіпті бірін-бірі басып-озамын деп, маневрда қателік жіберетіндер көп.Жыл басынан бері өңірімізде 968 жол апаты болған Одан 1366 адам жарақат алып, 137 адам қаза тапты. Өкінішке қарай, үлкендерді жауапсыздығынан көз жұмған жазықсыз балғындар көп. Ойланатын, ой салатын статистика. Ал, тәртіп сақшылары апаттың дені жылдамдықты шамадан тыс асыру мен көлікті мас күйінде жүргізгеннен болатынын айтады. Оған шұрық-тесік жолдарды қосыңыз.Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымы 2005 жылдан бастап қарашаның үшінші жексенбісін жол апаты құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Ақтөбелік жол сақшылары осы күнді атап өтуді үрдіс қылған.
Количество показов: 101
Дата создания: 14.11.2024 06:14:26