Ақтөбеде енді Қарғалы өзені арнасынан аса бастады. Өзенді жағалай орналасқан бірнеше ауыл мен саяжайлардан өткен тәулікте 400-ге жуық адам эвакуацияланған. "Солнечный", "Береке", "Тополек", "Тереңсай" бау-бақша ұжымдарының тұрғындарына су тасқыны қаупі туралы ескертілді. "Зеленая долина" кооперативіндегі "Оазис", "Кирпичник" секілді жеті бау-бақша ұжымында үйлер судың ортасында тұр. Тұрғындардың айтуынша, бұл ауданға су 15-сәуірде жеткен. Содан бері ылғал деңгейі біраз төмендеп еді, түнде тағы көтерілді. Үйлері сәл биікте тұрған халық енді судың деңгейін бақылаумен жүр. Жағасына құм төгіліп, нығайтылғанымен, ылғалдың қайта көтерілмесіне кепіл жоқ. Грейдердің екінші жағына қоныс тепкен "Тереңсай" бау-бақша ұжымының тұрғындары Қарғалыдан енді су тасталса, ылғал оларға да жетеді деп алаңдайды.
Кейбірі алдын-ала қамданып, қаладағы туыстарына көшіп кеткен. Барар жері жоқтары үйдегі заттарын биікке көтеріп қойып жатыр. Су "Береке" демалыс аймағының маңындағы үйлерге де кірді. "Тау" демалыс орны да судың ортасында қалды. Су басу қаупі бар аумақтардағы халық көшіріліп жатыр. Су қоймалардан су жіберу қашан тоқтайтыны белгісіз. "Қазсушаруашылығы" мекемесі Ақтөбе бөлімшесінің басшысы Бекзат Наметовтың айтуынша, қазір 500 миллион текше метр су келіп тұр. 1-мамырға дейін тағы 200 миллион текше метр су жиналады деп болжануда.
Количество показов: 1585
Дата создания: 19.04.2017 18:25:16
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>