Жалға алатын үй төлемінің жартысын мемлекет өтейді
Тұрғын үй қорынан жалға берілетін пәтерлерге қатысты бүгін жауапты мамандар баспасөз мәслихатын өткізді. Үш жылдан бері жүзеге асырылған бағдарламаға биыл үміт артушылар саны біршама артқан. Бағдарламаның операторы "Отбасы банкі" АҚ. Белгіленген санаттағы отбасылар жалдайтын пәтерақының 50 пайызы банк арқылы бюджет есебінен төленеді. Банк мамандары пәтер жалдаушы қожайынның есеп шотына қаражат ай сайын аударылып тұратынын айтады. Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынатын пәтерлердің жалдау құнының 50 пайызы республикалық және облыстық бюджет есебінен төленеді. Мұндай жеңілдіктерге алдымен 1ші немесе 2-ші топтағы мүгедектер, ата анасы жоқ, ата анасының қамқорлығынсыз өсіп жатқан балалар және көп балалы отбасылар ие бола алады. Төлем алушыларға қойылатын талаптардың бірі жалдамалы пәтерлердің көлемі болып табылады. Мысалы отбасында үш адам болса, олар 40 шаршы метрге дейін пәтер жалдауға мүмкіндігі бар. Ал көп балалы отбасы, мәселен үйдегі адам саны 6 дан асса, оларға 8 шаршы метрге дейін пәтер жалдауға рұқсат беріледі. Мұндай жанұяларға айына 168 776 теңге қаражат бөлінген.Количество показов: 445
Дата создания: 26.02.2024 21:18:39