"AMANAT" партиясы әйелдерді құттықтады
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара облыстық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы директоры Ербол Данағұловтың құттықтау сөзімен басталды. Ол қазақ халқындағы әйел қауымының рөлін ерекше атап өтіп, игі тілегін білдірді.Бүгінде «AMANAT» партиясында 32 мыңнан астам партия мүшесі бар. Оның 19,5 мыңға жуығы әйел адам. Бүгінде әйел адамдарды тек отбасы қасынан ғана емес, қызмет бабынан да көруімізге болады.Бибігүл Әбдішүкірқызы тәжірибелі медиатор. Отбасы арасындағы жанжалды бітімге келтіріп, отбасын сақтап қалуда медиаторлық ақыл - кеңесін айтып, көмектесіп жүргеніне 6 жыл болған. Қызметтік баптан бөлек Бибігүл Әбдішүкірқызы "Алтын алқа" иегері. 7 баланың анасы, әрі немерелері мен шөберелерінің әжесі.Айта кетейік, бүгін «AMANAT» партиясы 60 - тан астам нәзік жандыларды мерекемен құттықтады. Концерттік бағдалама ұйымдастырып, әйелдердің құрметіне мерекелік дастархан жайды.
Количество показов: 452
Дата создания: 06.03.2024 00:36:55