Алдағы екі жылда әлеуметтік нысандар саны артады
Келер жылы "Заречный-4" ауданында мың орындық орта мектеп пен 300 төсектік облыстық көп бейінді аурухана бой көтермек. Бұл туралы облыстық маслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысында белгілі болды. 2012-2014 жылдар аралығында әлеуметтік нысандарға бөлінген қаражат 571 млн 149 мың теңгеге азайтылады. Қысқартулар мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерінің біліктілік санатын арттыру үшін төленетін ақыдан алынбақ. Бүгін облыстық әкімдікте мәслихаттың кеңейтілген отырысы өтті. Онда комиссия мүшелері мен депуттаттар күн тәртібіне қойылған бірнеше мәселені қозғап, 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бастама көтерді. Баяндама үстінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынының бастығы Ғани Тасмағанбетов "Қандыағаш ГТЭС"-сі құрылысы созылып кеткендіктен жобаны несиелеуге мүмкіндігі бар инвесторды іздеу басталғанын жеткізді. Әдеттегідей, күн тәртібіне әлеуметтік нысандардың жай-күйі енгізіліпті. Сондықтан келер жылдан бастап аймақта бірнеше емхана мен балабақша бой көтермек. Аталған тізбеге Батыс-2 ықшам ауданындағы 500 адамға шақталған қалалық емхана, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 300 орындық мектеп-интернат құрылысы мен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және пайдаға асыру кешені енеді. Кеңестің соңында комиссия мүшелері мен депутаттар алдағы жылдарға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттарды пысықтап өтті. Ол бойынша медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру, ақысыз медициналық көмекті 322 млн 139 мың теңгеге ұлғайтуға ұсыныс түсті. Және құрылыс саласына 1 млрд 475 млн 282 мың теңге артық құйылмақ. |
Количество показов: 2311
Дата создания: 19.11.2012 18:17:31