Ғаламтордан діни ақпарат алу қауіпті
Қазір ақпараттық заманның тасыған уақыты. Білгің келгеннің бәрін ғаламтордан тез, әрі оңай табуға болады. Әлеуметтік желінің адамға пайдасымен қоса, зияны да бар. Әсіресе діни ақпараттар қауіпті. Өйткені, қой терісін жамылған қасқырлар болуы мүмкін. Деструктивті діни ұйымдар ғаламтор арқылы өз идеолологияларын тарататыны аян. Мәселен, «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы әлеуметтік медиа мен ғаламтор арқылы шетелден келіп қосылатын жауынгерлерінің санын көбейтті. Сирия Араб Республикасы аймағында құрылған «ДАИШ» ұйымына әлем бойынша қосылушылардың 80% астамы интернет арқылы арбалғандар."Орамал тағып, Ислам жайлы насихат айтатындардың денінің діни білімі жоқ". Ақтолқын Тажикованың айтуынша, діни білім 2-3 айлық курспен шектелмейді. Құран-тұнып тұрған ғылым. Оны меңгеріп, халыққа тарату үшін жылдар керек. Теологияны жоғары оқу орындарында кемінде 4 жыл оқиды.Оған магистратурасын қосыңыз. Елімізде ресми тіркелген, лицензиясы бар 9 медресе-колледжі жұмыс істейді. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті бар. Аталмыш оқу орындарының түлектері мешіттерде қызмет етуде. Діни ақпаратты да мешіттерден алған абзал. Құран үйрену курстарын мешіт тегін оқытады. Ал дін жайлы уағыз айтып отырған адамның профилінде міндетті түрде білімі көсетілуі тиіс.Ғаламтор арқылы таратылатын радикалдық бағыттағы діни идеологиялардың көздейтін мақсаты – халыққа белгілі бір сенімдерді ұялату және өз ұйымдарына мүмкіндігінше көп пікірлес адамдарды тарту. Қазіргі ақпараттық қоғамда жымысқы ұйымдар үшін әлеуметтік желілер арқылы насихат жұмысын жүргізу тиімді болып отыр. Осы орайда, мешіт қызметкерлері әлеуметтік желідегі дін жайлы ақпарат көздерін сүзгіден өткізіп барып тыңдауға кеңес береді.
Количество показов: 153
Дата создания: 30.10.2024 06:52:24