Ақырзаман туралы болжам шындыққа жанаспайды
"Ақырзаман болатын күн алыс емес" деген үрейлі ақпарат әлеуметтік желілер арқылы әлемге тарап кетті. Ежелгі Майя тайпасы құрастырған күнтізбеде бұл қауесетке еш негіз жоқ. Халықтың көңіліне қаяу түсіріп, жақсылыққа деген үмітін сөндірмек болғандар әлемді түнек басып, қараңғылықта тірлік кешеміз деп жазыпты. Алайда мұны провослав шіркеуінің қызметкері Дмитрий Соловьев надан, сауатсыздардың әрекеті деп сынап өтті. Ақырзаман ұлу жылында болуы мүмкін деген болжамды ғалымдар жан - жақты зерттеп те көріпті. Көпшілікке түсінікті болу үшін, Майя өркениетіне қатысты біраз жайттар мәлім болды. Қазақстандық жұлдызшы Назарбек Қожамсейіттің жазбаларына сүйенсек, Майя күнтізбесі, расында, 2012 жылдың 21 желтоқсанымен бітеді. Бірақ, бұл «әлемде ақырзаман орнайды» дегенді білдірмеуі керек. Ол кезде де, жер сілкіністері, күннің тұтылуы болып тұрған. Ғалымдардың зерттеуінше, 2012 жылдың 21 желтоқсанында планеталардың ұлы шеруі болып, Сатурн, Юпитер, Марс, Күн, Жер бір сызық бойына орналасады. Әлем бір өрістен екінші бір өріске шығады. Жаңа эволюциялық кезең басталады. 2012 жылы - жақсылыққа құштар, ақжүрек, кеңпейілді азаматтардың асығы алшысынан түседі. Керісінше, пейілі тар, арам ниет соңында жүргендер жылдың үлесінен құр қалуы мүмкін деген жорамалдар да бар. Демек жыл соңында халықтың тек жақсылыққа сенгені дұрыс болар. |
Количество показов: 2608
Дата создания: 04.12.2012 19:12:54