Ақтөбелік самбошы Байрам Аймағамбетов алтын медальмен оралды.
Ол Мароккода самбодан ардагер спортшылар арасында өткен әлем чемпионатына қатысып қайтқан еді. Байрамның жүлдесі - қазақ спортшыларының қоржынындағы жалғыз алтын. Спортшыны бүгін жанкүйерлері қошеметпен қарсы алды. Ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Биылғы жарысқа 22 мемлекеттің спортшысы қатысыпты. 450 самбошының көпшілігі- көрші Ресейдің өкілдері. Татамиге шығатын самбошылар жас ерекшелігіне қарай іріктелген. Командалық есепте бірінші орын Ресей құрамасына берілген. Біздің ел құрамасы-екінші орынға жайғасты. Украина мен Молдованың самбошылары- үшінші орынды місе тұтқан. |
Количество показов: 2113
Дата создания: 23.10.2012 11:54:04