Ақтөбелік полицейлер жоғалған азаматтың денесін туыстарына ескертпей көміп тастаған
51 жастағы Аман Жақаев 2024 жылдың маусымында ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Егде жастағы ата-анасы мен бауырлары өздігінен іздеген, құмалақшыға да барған. Бірақ, атпалдай азаматты көз жұмды дегенге қимаған. Құрылысшы болып жұмыс істегендіктен, күнкөріс қамымен жүрген болар, деп ойлапты. Полицейлердің айтуынша, марқұм 26-маусым күні достарымен судың жағасында демалған. Абайсызда өзенге батып кеткен. Ағаларының қаза тапқанын, бауырластар зиратына жерленгенін 11-қыркүйекте ғана білпті. Жанат Иманғалиева ағасының отбасынан ажырасып, бөлек тұрғанын айтады. Соңғы уақыттары ұялы телефонын жоғалтып алып,туыстарымен хабарласпай кеткен. Қайтыс болардан оншақты күн бұрын үйге, келді деп отыр.Маусым айында көз жұмған адамның денесі қыркүйекке дейін дейін мәйітханада сақталыпты. Полиция марқұмның тұлғасын анықтағанымен, туыстарын іздемепті. "Ағамызды белгісіз тұрағы жоқ адамша бауырластар зиратына жерледі", деп налиды қарындасы. Бауырының қазасын жақында естіген Жанат Иманғалиева өз ісіне салғырттық танытқан тәртіп сақшыларының үстінен прокуратураға шағымданатынын айтып отыр. Ал, облыстық ПД баспасөз орталығынң жетекшісі Ерболат Сарқұлов бұл іс бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша шешім қабылданатын айтты.
Количество показов: 212
Дата создания: 19.10.2024 06:09:31