Ақтөбелік мұсылмандар қажылық сапарға аттанды
Соңғы парыз. Ақтөбелік азаматтардың бір тобы бүгін мұсылмандықтың бесінші парызын орындамақ ниетпен қажылық сапарға аттанып кетті. Әуежайда оларды туыстары мен облыстың бас имамы шығарып салды. Мұсылмандықтың бесінші парызын орындамақ ниетте жолға шыққан жолаушылар Алматы арқылы Стамбулға ұшып барып, одан әрі Джида, Мекке, Мәдина қалаларына ат басын тірейді. Сапарлаушы топ қасиетті мекендерде Құрбан айт мерекесін қарсы алып, қалаға қараша айының үшінде оралуы тиіс. Қажылыққа балиғат жасынан асқан баладан жасы 70-ке дейінгі қариялар бара алады. Әйелдердің жасы 45-ке жетпесе, жолға жалғыз шығуына рұқсат етілмейді. Және Мекке-Мәдинаға шаршап, шалдығып жету міндет емес. Облыстың бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбекұлының айтуынша, биыл қажылық сапарға Ақтөбеден 130 адам кетеді. Ниет еткендердің басым бөлігі Меккеге арнайы туристік фирмалар арқылы жол тартса, кейбірі өз бағытымен кетіп жатыр. Қажылыққа туристік фирмалар арқылы барып келу құны - орташа есеппен 3 мың 500 АҚШ долларын құрайды. Біздің елде қажылық сапарға көбіне егде тартқандар аттанып жатады. Қалталы азаматтар өздерінен гөрі қасиетті Қағбаға ата-аналарын жіберуді жөн санайды. |
Количество показов: 2280
Дата создания: 18.10.2012 20:40:08