Ақтөбелік ардагер каратэшілер әлем чемпионатында топ жарды
Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем чемптонатынан жүлделі орын алған ардагер каратэшілердің жасы бүгінде 40 пен 70 тің арасында. Өз заманында атағы Ақтөбеге жайылған спортшылар қараша айында өткен "Каратэден 15-ші әлем чемпионатынан" жүлделі 3 орынды алып қайтты. Арасында Әлем чемпионы атанған 42 жастағы ардагер каратэші Берік ЖҰБАНИЯЗОВ бар. Ақтөбенің намысын қорғап, қоржынға тағы 1 алтын қосты. Өзбекстанда өткен Әлем чемпионатына саналы ғұмырының жартысын спортқа арнаған кәсіби спортшы Әшім ҚАЛИ де қатысты. Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қараша айында өткен чемпионаттан ардагер каратэшілер арасынан жүлделі орындармеен оралды.Жерлестеріміз Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 25 мемлекеттің арасынан суырылып шығып, құр қол қайтпады. Қоржында 2 алтын, 3 күміс, 1 қола алқа бар. Ардагер спортшылар әлем чемпионатына 1ші рет қатысып жатқан жоқпыз дейді, бұл кезекті 3-ші жылымыз деп отыр. Жыл сайын жүлделі орындар мен жақсы нәтиже көрсетіп келеді.
Количество показов: 94
Дата создания: 13.11.2024 06:49:16