Ақтөбедегі «Қазхром» комбинатында екі жұмысшы қаза тапты
Мына кадрлардан жүйткіп келе жатқан камаздың әп-сәтте аударылып, апатқа ұшырағанын көруге болады. Көлікте болған екі жұмысшы да қаза тапты. Көлік тізгінінде 58 жастағы жүргізуші болған. Жанындағы жұмысшының жасы небары 27 де екен. Марқұмның артында жұбайы мен жасқа енді толған баласы қалған. Еңбек инспекторлары көліктің тежегіші істемей қалды, деген болжам жасап отыр. Нақты шешім тексерістен кейін шығарылады.Қайғылы оқиға 30-қазан күні сағат 14:30 шамасында болған. Белгілі болғандай, жүк көлігі жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Соның салдарынан екі адам мерт болды. Ал "Қазхром" ТҰК" АҚ ұжымы марқұм болған қызметкерлердің отбасына қажетті көмек көрсетеміз, деп отыр.Количество показов: 196
Дата создания: 01.11.2024 06:42:05