Ақтөбеде жолдар жабылды
Ақтөбеде екі тәуліктен бері күн борап тұр. Қар жауып, секундына желдің екпіні 15 метрге жетті. Жауған қар еріп, лай суға айналуда. Жаяу жүргіншілер әбігерге түстік, дейді. Ақтөбе облысында ауа райының нашарлады. Осыған байланысты бүгін Ақтөбе-Астрахан республикалық маңызы бар автомобиль жолының Ақтөбе қаласынан Байғанин ауданы, Қараукелді ауылына дейін жүк көліктері мен қоғамдық көлік құралдары үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Тәртіп сақшылары күшейтілген режимге көшті. Олар республикалық маңызға ие тас жолдарда жүргізушілерді тоқтатып, қауіпсіздік ережелерін еске салды. Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицейлер тасжолдарда тәулік бойы қызмет етуде. Тәртіп сақшылары қозғалысты реттеп, қиын жағдайға түскен көлік жүргізушілеріне көмектеседі. айта кетейік, бір тәуліктің ішінде облыс жолдарында 30 көлік соқтығысқан және 4 автокөліктің аударылу дерегі тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. Осы орайда, полиция қызметкерлері жолда барынша мұқият және сақ болуға шақырады.Количество показов: 141
Дата создания: 07.11.2024 06:52:57