Ақтөбеде тағы бір партиялық бақылау бекеті іске қосылды
Бүгін "Нұр Отан" ХДП өкілдері Ақтөбеде тағы бір партиялық бақылау бекетін іске қосты. Жаңа бекет Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан. Осылайша билік паратиясы орталықтың жұмысын алдағы уақытта аталмыш бекет көмегімен қадағаламақ. Қазір Халыққа қызмет көрсету орталығы күніне 3 мыңға жуық ақтөбелікті қабылдайды. Мұндағы көрсетілетін қызмет түрлерінің саны 105-ке жеткен. "Нұр отандықтар" бекеттің ашылуы болашақта орталықтың жұмысын жақсартып, қызмет сапасының одан әрі артуына септігін тигізеді деген сенімде. Орталық басшыларының да ойы осындай. Облыс аумағында "Нұр Отан" ХДП-ның 90-нан астам партиялық қадағалау бекеті жұмыс істеуде. Бұл бекеттердің барлығы да өңіріміздегі халыққа қызмет көрсету барысында мемлекеттік қызметкерлер тарапынан орын алатын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құрылған. Бүгін халыққа қызмет көрсету орталығында орын тепкен жаңа бекеттің де мақсат мүддесі осыған саяды. Қазір Ақтөбедегі Халыққа қызмет көрсету орталығында 150-ге тарта адам тұрғындарға қызмет көрсетуде. Сондай-ақ облысымыздың барлық аудандарында арнайы мобильдік топтар құрылған. |
Количество показов: 2334
Дата создания: 07.12.2012 19:32:41