Ақтөбеде тұмау өршіп тұр
Эпидемия алдындағы кезең басталғалы тұмау вирусын анықтау мақсатында, полимеразды тізбекті реакция әдісімен 1 118 сынама зерттеліп, барлығы теріс нәтиже берді, дейді мамандар. Соңғы аптада жедел респираторлық вирустық инфекцияның 8182 жағдайы тіркелген, бұл өткен аптамен салыстырғанда 1,1 есеге көп. Ал, пневмонияның соңғы аптада 26 жағдайы тіркеліп, өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 35%-ға өсіп отыр. Жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы барлығы 109 400 доза вакцина алынып, олардың ішінен - 103 556 адам екпе алған. Сондай-ақ, бүгінгі күні жұмыс берушілер есебінен және ақылы түрде екпе жұмыстары жалғасуда.Ал, 1 қаңтардан бастап менингококкты инфекциясының алғашқы 12 жағдайы тіркелген.Олардың арасынан 9 жағдай расталып, жетеуі 14 жасқа дейінгі балалар арасынан болып шықты. Өткен жылдың осы кезеңінде менингококкты инфекциясының 1 жағдайы тіркеліп, биыл 8 жағдайға өсіп отыр, дейді сала мамандары. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызылша ауруының зертханалық расталған 3 769 жағдайы анықталды, олардың арасынан 2 922сі 14 жасқа дейінгі балалар арасынан. Барлық анықталған жағдайлардың 62%-ы екпе алмағандар, 18%-ы екпе статусы белгісіз адамдар болып шыққан. Ал, 1 қаңтардан бастап көкжөтелдің 210 алғашқы жағдайы тіркелген, олардың арасынан зертханалық расталғаны 151 жағдай болса, 14 жасқа дейінгі балалар арасынан - 148. Барлық науқастардың арасынан 95% - екпе алмағандар. Мамандар осы орайда тұмауға қарсы екпе алуға шақырады.Количество показов: 114
Дата создания: 14.11.2024 06:19:21