Ақтөбеде сұйытылған газ мәселесі шешілер емес
Демалыс күндері газ кезегіне тұрып жете алмаған жүргізушілер , бүгін дүйсенбі түстен кейін ғана оған қол жеткіздік дейді. Кез- келген жанар май бекетінде газ жоқ. Сондықтан тәңертеңнен бері қала кезіп кеттік дейді кейбір көлік иелері. Демалыс күндері де қаладағы жанар май бекеттерінде ұзын- сонар кезек болды. Жергілікті билік айдың басында сұйытылған отын қоры жеткілікті болады. Жаздағы жағдай қайталанбайды деп уәде берген болатын. Қазан айына энергетика министрлігі облыс үшін 11 млн тоннадан астам сұйытылған отын бөлген еді. СНПС-Ақтөбемұнайгаз АҚ 30 вагон газ жеткізді. Жергілікті зауыттар да 500 мың тоннадан астам газ берген екен. Бірақ мұның өзі сұранасты қамтамасыз ете алмай отыр.Количество показов: 343
Дата создания: 15.10.2024 07:44:15