Ақтөбеде әлі газ жоқ
Ақтөбе облысында тамыз айынан бері сұйытылған газ сататын бекеттерде ұзын-сонар кезек. Қалада сұйытылған газ тапшы. Қай бекетке барсаңыз да ұзын-сонар кезек. Кей көлік иелері кезегін қойып, араға 2 сағат салып айналып келіп те жатады. Ал кезегі жете бергенде газ бітті деп, кассаны жауып тастайтындар да бар.Жүргізушілер мұндай бассыздық қашан бітеді деп налиды. Өзімізден газ шығады, ешкім бізге импорттамайды. Басқа қаладан немесе басқа елден сатып алмаймыз? Сонда неліктен біз осындай жағдайды бастан кешуіміз керек. Үй көрмейтн болдық. Түнімен шақырымдап кезекте тұратын болдық, -деп шағымданған жүргізушілер жетерлік. Ал соңғы күндері, кейбір бекеттерде бензинді де талонмен беріп жатыр деген шағым бар авто жүргізушілер арасында.
Ақтөбелік жүргізушілер газ іздеп, қаланы шыр айналып жүр. Көгілдір отынна тарыққан кей такси жүргізушілері жұмысқа да шықпаған. Жауапты тұлғалардың -"Газ жеткізілді, қараша айына 13 074 тонна бар",-деуден басқа айтары жоқ. Алайда мұның өзі ертеңнен бастап берілмек. Қаладағы жағармай құю бекеттерінде таң атпай дүрбелең болады,деген сөз. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің деректеріне сүйенсек, бүгінде Ақтөбе облысында газбен жабдықталған 53 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Ал өңірде 7 газ толтыру, 180-нен астам газ құю станциясы бар.
Әйтсе де, қара халыққа обал. Күнделікті нәпақасын табуда көліктің рөлі зор. Жергілікті қараша мұнайлы өлкеде мұндай проблема неліктен туындайтынын түсіне алар емес.
Количество показов: 164
Дата создания: 02.11.2024 08:08:18