Ақтөбеде әкімдер форумы өтті
Ақтөбеде алғаш рет әкімдер форумы өтті. Оған аудан, қала мен ауылдық округ басшылары жиналды. Жиын барысында жергілікті билік өкілдері бюджетті тиімді пайдалану, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жолдарын талқылады. Келесі бейне материалымызда толығырақ.Ақтөбеде алғаш рет ұйымдастырылған ауыл әкімдері форумында өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды.«AMANAT» партиясынан сайланған аудандық, қалалық, ауылдық округ әкімдері, мәслихат депутаттары, департамент және басқарма басшылары қатысты. Сонымен қатар партия Хатшысы Ержан Жылқыбаев, Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев пен облыс әкімі Асхат Шахаров та қатысты.
Мәртөк ауданының әкімі Медет Бекжанова "ауылда қазір айтарлықтай мәселе жоқ",-деп қуантты. Жиында «AMANAT» партиясынан сайланған Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округі әкімі баяндама жасады. Соңғы 2 жыл ішіндегі атқарған қызметтері мен бірқатар ұсыныстарын айтты. Аудан әкімінің айтуы бойынша Келесі жылы 2 ауылда ауылішілік жолдарға 100 пайыз асфальт төселмек. Сонымен қатар кәсіпкерліктің қолдауымен мәдени, спорт ошақтары мен балабақша салынған. Ұялы байланыс мұнарасы орнатылып, Саржансай орта білім беру мектебі күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен. Қазіргі таңда Кеңсахара ауданында жаңа мектептің құрылысы бастау алды, дейді Медет Бекжанов.
Облысымызда 2021 жылдың шілдесінен бастап 155 ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді, оның ішінде "Аманат" партиясынан ұсынылған 141 кандидат жеңіске жеткен. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 7 қала, 135 ауылдық округ болса, олардың 133-інде «AMANAT» партиясының мүшелері әкім болып отыр. Форум жұмысы қалалық, ауылдық округ әкімдеріне арналған секциялық жұмыс және семинар тренингтермен жалғасты.
Количество показов: 167
Дата создания: 29.10.2024 10:07:43