Ақтөбеде көлік салығынан жалтарып жүргендер көп
Полицей мен сот орындаушы борышкерлерді бірге ұстауда.Ақтөбеде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері сот орындаушылармен бірлесіп айыппұлын төлемеген жүргізушілердің көлік құралдарын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. 13 000 салық берешегі бар адам тіркеулі. Қарыз сомасы 904 млн 623 мың теңгеден асып жығылады. Салық төлеуді кешіктірген немесе төлеуден жалтарған азаматтарға жаза қарастырылған. Борышкерден яғни, жеке тұлға салықты уақытылы төлемегені үшін өсімақы алынады. Ал, салық төлеуден қасақана жалтарған азаматтар үшін жаза ауыр болмақ.Қылмыстық кодекстің 224-бабында көрсетілгендей міндеттерінен ірі көлемде жалтарған жағдайда, үш мың АЕК-ге дейін айыппұл салынады яғни, 8 334 000 теңге.Количество показов: 176
Дата создания: 23.10.2024 06:37:32