Тағы да газ таусылды. Ақтөбедегі сұйытылған газ құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Шілденің аптап ыстығында көлік ішіндегі қапырыққа төзіп, күнге қақталған жүргізушілер бүгін үш-төрт сағат бойы газ құю бекетіндегі кезекте тұр. Өткен айдың соңында да дәл осындай кезек, дәл осы оқиға тіркеліп еді. Арада бір ай өтіп, тағы қайталанды. Газ құю бекеттері тек талон арқылы қызмет көрсетіп, қолма-қол ақшаны алмай жатыр. Ал қолма-қол ақшаға сұйытылған газ сататын бекеттерде ұзын-сонар кезек. Алды 3-4 сағат күтсе, соңы әлі күнге дейін сарылып отыр. Жергілікті билік үнемді, құқық қорғаушылар мен экологтар зияны аз деп мақтап, барлық мемлекеттік мекеме көліктерін газбен жүретін етті. Қазіргі күні облыста 800-ден астам мемлекеттік көлік газға ауыстырылған. Қоғамдық көліктер де осы ізбен келеді. Бірақ, шенеуніктер талапқа сай сұранысты толық қамти алмай отыр. Кесірінен, қоғамдық көлік жүргізушілері айналымнан шығып, газ құю бекетінің алдын күзетуге көшкен. Өткен айда лимит бітіп, бір айға белгіленген 4200 тонна газ жетпей қалған болатын. Ал шілде айына 4800 тонна газ сұралды, рұқсат берілді. Ал газ жеткізуші "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы мен "ҚазақОйл" серіктестігі сұранысты толық өтеуі тиіс еді. Бірақ, бірінің компрессоры істен шықты.
Жергілікті билік алдағы екі күнде өңір сұранысына қажетті сұйытылған газды "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясы жеткізеді деп сендірді. Әзірге, мемлекеттік көліктер талонмен алса, ал қарапайым халықтың сағаттап кезек күтіп, төзімділік танытуына тура келеді.
Количество показов: 2221
Дата создания: 21.07.2016 18:26:26
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>