Ақтөбеде аутизмге шалдықан балаларға арналған "Қамқорлық" орталығы ашылды
Балалар арасында аутизм-бұл ерекше психикалық дамудың бұзылысы. Аутизмге шалдыққан балалардың тек қана когнитивтік деңгейі төмендеп қана қоймайды, әлеуметтік өзара әрекеттесідің дамуы бұзылады. Мұндай балғынның адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қиын.Өкінішке қарай, аутизм диагнозына шалдыққан балалар саны жыл сайын көбеюде. Бүлдіршіннің сөйлеу және иентеллектуалдық мүмкіндіктері қалыпты болса да, мұны бала өмірде айналасындағылармен араласқанда қолдана алмайды. Денсаулығында мұндай кінәраты бар баланы ата-ана Астана мен Алматыға апарып, емдеуге мәжбүр болатын. Енді мұндай орталық Ақтөбеде ашылып отыр. Орталықтың ашылуына жергілікті биліктің қолдауы зор. Ғимарат беріпті. Ішінде керек-жарақтың бәрі бар. Замануи құрылғылар орнатылған. Сирек диагнозға шалдыққан балғындардың жағдайы ескеріліп, жабдықталған. Ал жобаға демеу болған – «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры. Орталық 1,5 пен 18 жас аралығындағы балаларды қабылдайды, дамыту сабақтары мен оңалтуды ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау дағдыларын да ұсынады. Мұнда оларға төсек жинау, дастархан жаю, киім үтіктеу, ыдыс жуу, сонымен қатар тамақ дайындау үйретіледі. Осылайша, орталық мамандары аутизмге шалдыққан балғындарды қалыпты өмір сүруге бейімдейді. Әзірге орталыққа 32 бала келіп жүр. Порталға тіркелсе, тағы да қабылдауға дайынбыз, дейді орталық мамандары. Өйткені ғимарат 100 баланы қабылдауға қауқарлы. Мұнда 46 маман жұмыс істейді. Айта кететін жайт, аталмыш орталық ел бойынша 7-ші болып қаламызда ашылып отыр. Енді ата-аналарға қалтасынан ақша шығарып, Алматы, Астана қалаларына барып ем алу қажет емес. Соңғы үлгідегі медициналық құрылғылармен жабдықталған кабинеттерде арнайы емдердің барлық түрі жасалатын болады.Количество показов: 180
Дата создания: 23.10.2024 06:34:18