Ақтөбеде қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды
Ақтөбеде қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды. Хромтау ауданы Абай ауылына жақын маңайда 2 ер адамның ауа райының қолайсыздығына қарамастан мал қарауға шығып, қарда тұрып қалған. Құтқарушылар жеңіл автокөлік пен екі ауыл тұрғынын қар құрсауынан шығарды. Абырой болғанда екі адам да дін аман.Қараша ақпанға айналғандай. Бүгін Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылы маңындағы Самара-Шымкент тас жолында Ресейден Тәжікстанға бағыт алған
Van Hool рейстік автобус жолда тұрып қалды. Салонда 56 шетелдік жолаушы болған. Оның төртеуі бала. Полицейлер бұл азаматтарды эвакуациялап, кемпингке орналастырды. Медициналық көмекке мұқтаж адамдар болған жоқ. Полиция қызметкерлері азаматтарды ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда барынша сақ болуға шақырады. Күннің борауына байланысты, төтенше жағдайлар департаменті елді мекендерден шықпауға, қала сыртындағы сапарлардан бас тартуға шақырады. Құтқарушылар өткен тәулікте 10 адамды қар құрсауынан шығарған. Осыған орай төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды. Байланыс нөмірі 54-86-82. Айта кетейік, ауа райының күрт бұзылуына байланысты бірнеше тас жол жабылып, жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған болатын.
Количество показов: 111
Дата создания: 08.11.2024 06:49:30