Ақтөбе жолдары қысқа дайын ба?
Қылышын сүйретіп қыс та келді. Жолдарды күтіп ұстау күн тәртібінде. Бұл жұмыстарға 72 арнайы техника сақадай сай тұр. Өңірімізде республикалық маңызға ие тас жолдардың жалпы ұзындығы 1869 шақырым. Оның 117 шақырымы қайта жаңарту учаскелері болса, қалған 1752 шақырымына күтіп ұстау жұмыстары үшін нормативті қажеттілік бойынша 104 техника бар.Ақ ұлпамен жарысып темір тұлпар иелері де көліктерінің "аяқ киімін" ауыстыруға қамданып кетті. Жол қауіпсіздігін ойлаған жүргізушілер ұзын сонар кезекте тұр. Елімізде көлік иелері жыл мезгіліне сәйкес дөңгелектерді уақытында ауыстыру қажет.Жылына екі рет кез-келген автокөлік жүргізушісі дөңгелектерін ауыстыруы тиіс. Бұл ауа-райының маусымдық өзгеруімен байланысты. Тәртіп сақшылары да көлік жүргізушілеріне ескерту жасады. жолда сақ болып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Осы тұста Көлік жүргізушілерге құлаққағыс: 1 желтоқсанға дейін көлік дөңгелегін маусымдық дөңгелекке ауыстырмаған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабы 5-тармағына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалауыңыз мүмкін.
Қаламызға қыс ерте түсті. Сонымен қатар алда аязды күндер мен көктайғақ күтілуде. Сол себепті өңір жолдарын қысқы кезеңге дайындау және өткізу мақсатында бірқатар кешенді іс-шара жүзеге асырылуда. Мәселен, қазіргі уақытта жол тазалайтын арнайы техникалар мен құм, тұз және тағы басқа жол күтіміне арналған жұмыстар әзірленіп жатыр.
Жергілікті жолдарды күтіп ұстау үшін 2025 жылға 2,7 млрд теңге қарастырылған. Бұл сома облыстық мәслихаттың тауядағы сессиясында бекітілетін болады. Қыста көшелерді тазалауға 350 бірлік техника мен қаланы қардан тазарту үшін күндізгі аусымда 30 бригада және түнде 20 бригада жұмылдырылмақ. Әйтсе де, ақтөбеліктердің қаламыздағы жолдардың сапасына көңілі толмайтындай. Тұрғындардың пікірін білсек.
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындық шаралары қаралды. Облыстағы жолдардың жалпы ұзындығы –4 440 шақырым, оның ішінде облыстық маңызы бары – 1 265 шақырым және аудандық маңызы бары – 3 175 шақырым. Бұл жолдарды қыста күтіп ұстауға 43 мердігер ұйым жауапты.Сонымен қатар жылу пункттерін дайындау және оларды қажетті азық-түлік қорымен қамтамасыз ету, сондай-ақ жол бойындағы су өткізу құбырларын тазалау жұмыстары аяқталып қалды.
Қала 24 учаскеге бөлінген, олардың әрқайсысын қыста күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйым бекітілген. Қыста көшелерді тазалауға 350 бірлік техника шығады.Мердігерлер қазірдің өзінде 1250 тонна тұз, 1830 тонна құм-тұз қоспасы және 2000 тоннадан астам құм жинаған.
Количество показов: 147
Дата создания: 06.11.2024 06:16:09