"Ақбұлақ" АҚ ауыз суды 179,3 пайызға қымбаттатады
"Ақбұлақ" ауыз суды 179,3 пайызға, кәріз жүйесі қызметін 97,4 пайызға қымбаттатуды жоспарлап отыр. Осыған орай бүгін монополиялық мекеме қоғамдық тыңдау өткізді. "Ақбұлақ" АҚ тарифті былтыр және биыл өзгеріссіз қалдырған. Соңғы рет су бағасы 25 теңгеден 27 теңгеге өсті. Бұл орташа мерзімдік тарифті монополист мекеме 2013-жылға дейін ғана белгілеген болатын. Жыл аяқталуға жақын. Монополиялық мекеменің ішкі шығындары ұлғайған. Сондай-ақ "Ақбұлақ" АҚ-ы қарамағына қосымша нысандар берілді. Енді бұл жаңа нысандарды да сумен, кәріз жүйесімен қамту керек. Оған қоса қажетті материал, шикізаттың нарықтағы бағасының өскендігін де алға тартып отыр. Осылай бола тұрса да монополиялық мекеменің сұрап отырған бағасы тым жоғары екенін атап өткен жөн. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті нақты тарифті бекіту кезінде тұтынушылардың да жағдайын ескеретін болады. |
Количество показов: 2481
Дата создания: 18.10.2012 20:38:49