№51 гимназия оқушысы туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты
Мират Сағынбаев 8 сынып оқушысы. «Walking in Aktobe» жобасын 1,5 жылдың ішінде ойлап тапқан. Жасы небәрі 14 те болсада шаһарамызға қыдыруға келген туристер үшін бұл қосымша таптырмайтын мүмкіндік дейді. Себебі мобильді қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілінде жасалған. Жас талант қаламыздың көрнекті жерлері мен тарихын, туристер теңгемен есептей алу үшін арнайы калькуляторды бір жерге жинақтаған. Бұл пайдаланушыларға қолжетімді ету мақсатында іске асырылды, дейді жас ғалым. Сонымен қатар «Walking in Aktobe» қосымшасы туристерге нұсқаушысыз саяхат жасауға мүмкіндік береді.Ұстаздан шәкірт озар! Мираттың аталмыш мобильді қосымшаны жасап шығаруына информатика пәнінің мұғалімі Әйгерім Күзенбаева өз септігін тигізген. Ұстазы шәкіртіне бар бағыт-бағдарын көрсетіп, нұсқау беріп отырған. Сонымен қатар Мират Сағынбаев «Walking in Aktobe» қосымшасын ойлап тауып қалалық, облыстық байқаулардан жүлделі орындар алыпты. Ендігі авторлық құқықпен қорғалатын болады дейді, сонымен қатар әлемдік интернет дүкендеріне өтініш жеберіпті. Пайдаланушылар бұл қосымшаны Play Market және App Store дүкендерінен тегін жүктей алады. Жас талант қосымшаны " MIT App Inventor " программасын қолдану арқылы жасап шыққан. Дизайн бөлімінен суреттер, қосымшаның ішіндегі атаулары мен мәзірді орналастырып, блог бөлігінен функциялар мен кодтар орнатыпты. Сонымен қатар туристердің ыңғайына орай карта, аударма бөлімі мен ойындар енгізген. Ең қызығы туристерге арналған сауалнама да бар. Мұнда олар қалада танысқан жерлері бойынша сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беруі керек.
Количество показов: 132
Дата создания: 05.11.2024 06:05:25