25 жастағы жеңгетай ұсталды
Қалада 25 жастағы жеңгетай әйел ұсталды. Ол теміржол вокзалының маңындағы көшелердің бірінде қылмыс кезінде қолға түскен. Жеңгетай 19 және 20 жастағы қыздарды жыныстық қызмет көрсету үшін 34 жастағы Қандағаш қаласының тұрғынына сатқан. Белгілі болғандай жеңгетай әйел қыздарды ер адамға өзінің пәтерінде ұсынған. Полиция тінту кезінде 16 мың теңгені заттай айғақ ретінде тәркіледі. Енді қылмыстық іс қозғалмақ. Күдікті қолхатпен босатылған. Ал отыз жеті жастағы азаматша бір түннің ішінде абыройынан әрі ақшасынан айырылды. Жыныстық қатынасқа түскендігін жалпыға жария етпек болған танысына ол 150 мың теңге төлеп құтылыпты. Кейін өзі келіп облыстық ІІД - не арызданған. Үш күн бойы облыс аумағында жүзеге асырылған "Іздестіру" алдын - алу шарасы өз нәтижесін берді. Облыстық ІІД - тінің өкілдері орынборлық әріптестерімен бірлесіп із - түссіз жоғалып кеткен 46 жастағы азаматты қаламыздан тапты. Көрші ел тұрғыны осыдан екі жыл бұрын Ақтөбеге келіп, отбасын құрыпты. Алайда туғандары мүлдем хабарсыз болып шықты. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері осыдан екі апта бұрын түскен жедел ақпаратты растап шықты. Өз үйінде есірткі сатумен айналысқан ақтөбелік марихуананы газетке орап үлестіретін болған. Тінту барысында күдіктінің баспанасынан әйнек банкіге толтырылған 1 келіден астам марихуана табылды. Мойындауынша, есірткі саудагері өсімдіктің бұл түрін қала шетіндегі саяжайлардың бірінен жинап алып отырған. Әйелі, екі баласы бар отағасы қазір уақытша қамау қапасында жатыр. |
Количество показов: 2351
Дата создания: 22.10.2012 19:38:35