2 жыл бойы танысынан 2 млн. теңге бопсалаған ақтөбелік құрықталды
Бұрын сотталған азаматша күйеуін бетоннан жасалған құбырмен ұрып өлтірді. Бұл туралы бүгін облыстық ішкі істер департаментінде өткен баспасөз маслихатында белгілі болды. 42 жастағы күдікті бұрын жеңгетай болып та нәпақа тапқан. Ал күйеуін 27 қыркүйек күні бірге ішімдік іше отырып өлтіріп, қылмысының ізін жасыру үшін мәйітті "Кривое озеро" ауданы маңына тығып тастаған. 36 жастағы бақилық болған азаматтың мүрдесі қоқыс салынған жәшіктің астына жасырылыпты. Әйелі оны денесіне салынған татудан таныған. Сот-медициналық сараптама марқұмның 30 күн бұрын жан тапсырғанын анықтады. Бас сүйегі жарақаттанған. Бұл өлім туралы "102" телефонына кеше хабарланыпты. Қоңырауды азаматтың жұбайы өзі шалған. Тексеру барысында мәйіт туралы хабарлаған әйел уақытша бірге тұрған еркектің өліміне өзінің кінәлі екендігін де мойындаған. Бұдан басқа, ІІД кезекші бөліміне тұрмыстық техника сатумен айналысатын дүкеннің директоры болып жұмыс істейтін 22 жастағы тұрғын хабарласқан. Зардап шегуші екі жылдан бері танысы ірі көлемде ақша бопсалап келгенін айтқан. 23 жастағы бұзақы кезекті 35 мың теңгені алып тұрған жерінен қолға түсті. Ол бұған дейін өзге де бұзақылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның қолынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. |
Количество показов: 2477
Дата создания: 30.10.2012 20:03:13