16 жастағы Анна Шавшина туған қаласын тастап кетуге мәжбүр
Аннаның әжесі оны үш жасында анасынан айырып, Ақтөбеге алып келіпті. Ресейдің Хабаровск аумағынан келген соң ол қаладағы мектептердің бірінде білім ала бастайды. Одан 16 жасқа дейін ол өзінің айтуынша әжесінің тәрбиесінде болады. Бірақ Аннаны Ресейге алып кететіндердің айтуынша, ол 18-ге толғанша Ақтөбеге келуге тыйым салынады. Жас қыздың әжем деп айтып жүрген адамы ресми құжат бойынша оның туысы емес. 2008 жылы Ресейде дүниеге келген Аннаның туу туралы куәлігінде оның әкесі туралы мәлімет жоқ. Оның айтуынша әкесі түзету мекмесінде жазасын өтеп жатыр. Ал әкесінің анасы осы уақытқа дейін Аннаны тәрбиелеп, өсіріп келген. Бірақ, Аннаның анасының қолхатынсыз баланың бөтен адамның қолында тәрбиеленіп жатқанын бұған дейін ешкім білмеген. Ресей жағы да азаматтығы бола тұра, оны іздемеген екен. Анасы болса, ешқашан қызымен хабарласпапты. Енді Ресей жағының бала құқықтарын қорғау мекемесінің мамандары Аннаны анасына табыстамақшы. 16 жасқа толған қызға жеке басын куәландыратын Ресей құжаты рәсімделеді. Мектеп оқушысы мемлекет бақылауында болады, дейді сол елден келген өкілдер.Количество показов: 282
Дата создания: 29.02.2024 23:43:57