12 желтоқсанда отау құрғысы келетіндер өтініш тапсыра бастады
2012 жылдың 12- ші айы мен 12- сі күні неке қидыратын ақтөбеліктер бір ай бұрын арыздарын тіркеді. Ең жас жұп- 18-де болса, 30-дан асқандар да сәйкес сандардың қасиетіне сенім білдіріпті. Дегенмен бұл датаға орай мамандар жас жұбайлар үшін тосын сый жоспарланған жоқ дейді. Соңғы он айда Ақтөбеде 4220 жұп заңды түрде некелескен. 1062 шаңырақ иесі ажырасып үлгерген. Сондай - ақ биыл егде жастағы ақтөбеліктер некесін заңдастырған. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жетекші маманы Жадыра Ешпанованың айтуынша, 65 жасты еңсерген жұптар салтанатты түрде некеге отырған. |
Количество показов: 2659
Дата создания: 20.11.2012 18:55:53