Құқықбұзушылық көп тіркелетін аудан
Ақтөбеде қылмыс көп жасалатын көшелер бар. Кісі тонау, ұрлық пен алаяқтық бұл маңайда дендеп тұр. Өңірде "Құқықтық тәртіп" алдын алу іс-шарасы өтуде. Полицейлер рейдке шығып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге барын салуда.Осыдан 20 жыл бұрын "Ескі қала" десе, талайдың төбе шашы тік тұратын. Өйткені шаһарымыздың дәл осы бөлігінде қылмыс аз емес еді. Нашақорлар, бұзақылар, маскүнемдер мен жезөкшелер- темір жол маңайын торуылдайтын.Қазір жағдай өзгерді, криминогендік бұл аумақтың әр бөлігінде бейне бақылау камерасы бар.
Әйтсе де, ұрлық, қоғамдық жерді ластап, жұрттың мазасын алу сынды құқық бұзушылықтар азаяр емес. Ішімдік ішіп алып, ойран салатындар да күнде кездеседі,дейді полицейлер.
Түнімен жұмыс істейтін кафелер де осы маңда. Полицейлер бұл жерлерді жіті бақылайды. Мақсат-қылмыстың алдын алу. Темір жол вокзалы маңында екі колледж бар. Мұнда 9шы сынып бітіріп келген жасөспірімдер оқиды. Дені ауыл баласы. "Әй" дейтін әже, "Қой" дейтін қожа болмағандықтан сабақтан шығып алып сандалып жүреді. Бірдеңеге ұрынуы да мүмкін,дейді инспекторлар.
Темір жол вокзалы маңайында жалдамалы пәтер бизнесі гүрлеп тұр. Жезөкшелердің мекені де осы аумақ екені аян. Олар тозығы жеткен көпөабатты үйлерінде, вокзал маңында, қараңғы көшелерде көптеп кездеседі. Полицейлер бұл маңды жіті бақылауға алған. Адам саудасы қылмысына жол бермеу үшін, кешкісін рейдке шығамыз, дейді тәртіп сақшылары.
Количество показов: 153
Дата создания: 29.10.2024 10:10:19