"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық науқаны аясында семинар өтті.
"Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ". Осындай ұранмен бүгін қаламызда "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" республикалық науқаны аясында семинар өтті. Семинардың мақсаты-Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту . Отырысқа бірнеше спикерлер қатысып, психологтар өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысы қалай болғанын Нұрарай Марат тарқатады.Жаңа Қазақстанда зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Бүгін облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" науқаны барысында семинар өтті. 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығына жоспарланған акцияда қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қозғауда. Олардың бірі- тұрмыстық жағдайдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу.Семинарға 120 адам қатысты. Әдістемелік орталықтағы психологиялық қолдау бөлімі мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. Айта кетейік, ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Жалпы, тұрмыстағы зорлық зомбылықтан зардап шегетін-шарасыз әйелдер мен балалар қауымы. Семинардың өткізілу барысында балалармен қалай дұрыс жұмыс жасап, психологиялық тұрғыда зиян тигізбеу жолдары айтылды. Шара соңында тыңдаушылар есебінде қатысушыларға сертификаттар табысталды.Количество показов: 407
Дата создания: 01.12.2023 01:03:32