Жыл басынан бері 1850 жасөспірім құқық бұзған
Немқұрайлы ата-ана-бақытсыз бала. Полицияның ұсынысымен сот биыл Ақтөбеде 13 ата-ананы құқығынан айырған. Олар өз балаларына қамқорлық көрсетпеген. Тірі жетім атанған 59 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Инспекторлар безбүйрек ата-аналардың көбейгенін айтып, дабыл қағып отыр.Кәмелетке толмағандар арасында қылмысты жою-қоғамның бүгінгі міндеті. Инспекторлар рейдті күшейтті. Тексеріс күн сайын. Ақпараттық насихат та күшті. Әйтсе де, тәртіпсіз жасөспірімді тезге салу қиын болып тұр. Бұған ең алдымен баласын жүгенсіз жіберген ата-ана кәнілі. Тек биыл ғана құқық бұзған 1850 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ақтөбеде безбүйрек ата-ана да көбейген. Алкаголь ішіп, баласын дұрыс тамақтандырмайтын, ұрып-соғатын ересектер бар,-дейді инспекторлар. Биыл 13 қала тұрғыны ата-ана құқығынан айырылған.
Балаларына жағдай жасай алмай отырған 241 қолайсыз отбасы есепке алынды. Үйлері лас, жәндікке толы, ішерге астары жоқ отбасылар да бар,-дейді инспекторлар. Ең өкініштісі, мұндай отбасында бірнеше бала тәрбиленеді. Ал бүлдіршіндердің жасы 1 мен 6 аралығында.
Количество показов: 711
Дата создания: 04.08.2023 04:13:31