Урологиялық ауруларға шалдыққан ерлер саны өсіп келеді
Миллионан астам халқы бар облыс тұрғындары үшін 26 орындық жалғыз ғана стационарлық емдеу орны бар. Бұл аздық етеді. Дәрі-дәрмек пен дәрігерлік қызмет тегін болғанымен науқастарға толыққанды ем қабылдауға мүмкіндік жоқ. Урологиялық ауруға шалдыққан ер адамдар ақылы емханалардың көмекке жүгінуге мәжбүр. Бүгін урология саласының жоғарғы санатты дәрігері Марат Сарқұлов осындай мәселерді алға тартты.Статистикалық мәліметтер бойынша бүгінде ерлердің өмір сүру ұзақтығы әйелдерге қарағанда 10 пайызға төмендеген. 75 жасқа қарай ерлер арасында қатерлі ісікке шалдығып, қайтыс болу көрсеткіші әйелдерге қарағанда екі есе көп. Сондықтан урологиялық ауруларды ерте анықтап, өз денсаулығына қатысты ер азаматтардың мәдениетін арттыру қажет дейді уролог дәрігер.
Өткен жылы облыс аумағында 1326 адам урологиялық аурулардан стационарлық ем қабылдыған екен. 896 науқасқа ота жасалған. Дәрігерлер урологиялық науқастар тегін ем алып, тіпті дәрі-дәрмек те оларға емханаларда тегін беріліп жатқанын айтады.
Количество показов: 636
Дата создания: 03.10.2023 01:52:48