Студенттер заң өкілдерімен кездесті
Бүгін С. Бәйішев атындағы әмбебап ғылыми кітапханада заң өкілдерінің студент-курсанттармен кездесуі өтті. "Жемқорлыққа жол жоқ" атауымен өткізілген іс шараның мақсаты- еліміздегі жастарды жемқорлықтан алшақтату, оның қоғам мүшелеріне тигізетін зардабын түсіндіру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, студенттерді елімізге адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке осы бастан тәрбиелегіміз келеді. Себебі жастар- біздің болашағымыз. Біз жастарымызды адал етіп, ненің дұрыс емес екенін түсіндіріп өсіруіміз керек. Сондықтан осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұру керек деді мамандар.Шараға М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары, Ақтөбе көлік, коммуникация және технологиялар колледж студенттері мен ұстаздары қатысты. Соңында шара қатысушылар "Жемқорлық- ғасыр індеті" атты кітап көрмесін тамашалады.Количество показов: 410
Дата создания: 01.12.2023 01:05:59